Құлыбаев ҚазҰУ маңындағы жерінен айырылды
![Құлыбаев ҚазҰУ маңындағы жерінен айырылды](https://sadaq.kz/uploads/images/202502/image_870x_67ab2ce861996.jpg)
ҚазҰУ маңындағы жер дауына қатысты нақты сот шешімі шықты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Сот Алматының қақ ортасында орналасқан 1,79 га жер учаскесін әкімдік иелігінде қалдырды.
Құлыбаев иелік ететін «Кипрос» компаниясы Алматының қымбат ауданындағы 1,79 га жер учаскесін сотпен даулап, қайтарып алмақ болған. Бірақ сот жерді әкімдік иелігінде қалдыру туралы шешім шығарған.
2007 жылға дейін бұл жер ҚазҰУ-ға тиесілі болған. Алайда сол жылы әкімдік инвестициялық келісім бойынша жекеменшік Esentai Development компаниясына жекешелендірген. Ол бұл жерді бөлшектеп, бірнеше компанияға сатқан.
2019 жылы жер учаскесін «Кипрос» компаниясы иеленген. Ал 2024 жылы әкімдік жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу туралы шешім қабылдап, сотқа жүгінген болатын.
Сот жердің алғашқыда заңсыз жекешелендірілгенін ескеріп, соңғы сатып алушымен жасалған сатып алу сату келісім-шартын жарамсыз деп тапты.
Мемлекеттік тіркеуде учаскенің кадастрлық құны – 42,9 млрд теңге деп көрсетілген.
«Кадастрлық нөмірі 20-313-009-080, ауданы-1,79 га, жер учаскесінің «Solid Bureau» ЖШС мен «KazkomRealty» ЖШС арасында 20.12.2014 жылы жасалған №32911 сатып алу – сату шарты жарамсыз деп танылсын», – делінген сот қаулысында.
Бұл жер Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Есентай өзенінің батысында орналасқан. Нысаналы мақсаты – қызметтік ғимараттарды, тұрғын үйлерді және сауда орталықтарын салуға бағытталған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)