Күні кеше министрдің кеңесшісі болған Ауыт Мұқибек қызметінен босап қалды (ФОТО)

Желтоқсан 4, 2025 - 17:23
Желтоқсан 4, 2025 - 17:24
 0  1
Күні кеше министрдің кеңесшісі болған Ауыт Мұқибек қызметінен босап қалды (ФОТО)
Фото: видеодан кадр
Күні кеше министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып сайланған Ауыт Мұқибек қызметінен босап қалды. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері, ақын Ауыт Мұқибек өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Жалпы мен мәнсапқұмар адам емеспін!

Менің ұғымымдағы мәнсап, лауазым, билік дегендер – Ұлтқа, Мемлекетке қызмет ету үшін ғана керек мүмкіндік!

Атажұртқа оралған отыз жылға жуық өмірімдегі жеткен ең биік мәнсабым - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі еді.
Сол штаттан тыс кеңесшілікке 10 қарашада тағайындалып, 02 желтоқсан күні, әдеттегідей «өз еріммен» өтініш жазып, босатылдым.

Вице-министр Асқарбек Ертаев мені өзіне шақырып, «Аға, мен Сіздің жазғандарыңызды оқыған да, берген сұхбатыңызды тыңдаған да жоқпын, қай депутатқа тісіп едіңіз?» деп күлді. Сосын Светлана Қабыкенқызының сәлемін айтып, мән-жайды түсіндіріп, жылы шыраймен, ыстық ықыласпен шығарып салды", - деп жазды ол.

Ақынның сөзінше, қызметінен босатылуына YouTube арналардың біріне берген сұхбаты себеп болуы мүмкін.

"Менің аталған қызметтен кетуіме Жамбыл Зейнолла бауырым жүргізетін Qasqa Jol каналына берген сұхбатым мен Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Аида Балаева ханымға арнап жазған әлеуметтік желідегі құттықтауым басты себеп болғаны сөзсіз!

Ол сұхбаттар бір-екі депутат ағамның аты аталған.

Ал құттықтауда Аида Ғалымқызының 2022 жылдан бері Ұлы көшке жасаған кедергісі баяндалған…

Басын ашып айтайын, дәл осы мәселеге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ханымға және оның орынбасары Асқарбек Ертаев мырзаға да ешқандай ренішім де, өкпем де жоқ! 

Есесіне, екеуіне де рахмет айтамын!", - деп жазды Ауыт Мұқибек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0