«Күресіп жүрмін»: Данияр Елеусінов ішімдікке әуес екенін мойындады

Тамыз 18, 2026 - 12:55
chat_bubble  0 visibility  16
«Күресіп жүрмін»: Данияр Елеусінов ішімдікке әуес екенін мойындады
Фото: Видеодан скрин

Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі барын ашық мойындап, өзіне қатысты сынға ашық жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Спортшы мұндай жағдайдың кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін айтып, адамдарды бір-бірін сынамауға шақырды.

«Бәрі мені сынап жатыр ғой. Кезінде мас күйде жол апатына түстім. Иә, мен мойындаймын. Олимпиададан кейін алкогольге жақындығым, әуестігім бар. Ол қалай пайда болғанын және қалай ол ауруға жолыққанымды білмеймін. Бірақ бұл – күлетін нәрсе емес. Адамдар күледі. Өз басына келмегеннен кейін түсінбейді. Жас кезімде мен де күлгенмін. Ол нәрселердің бәрі күлген адамның өз басына келеді . Алла Тағала осы өмірде сынайды. Айтқан нәрсең өз басыңа келмей қоймайды», – дейді спортшы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0