«Күйеуімнің жетістігі менің мықтылығымнан»: Жазира Байырбекова отбасы туралы сөз қозғады

Қаңтар 14, 2025 - 12:16
«Күйеуімнің жетістігі менің мықтылығымнан»: Жазира Байырбекова отбасы туралы сөз қозғады
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Әнші ер адамның жетістігін өзінің арқасы деп санайтын әйелдер туралы сөз қозғады, деп жазады sadaq.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Жазира Байырбекова аталмыш жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Өнер иесі бүгінде ер адамның жетістігін өзінің арқасы деп айтатын әйелдер көптеп кездесетінін алға тартты. Сөзінше, олардың бұл пайымына ер азаматтар да сеніп жатады. Алайда Байырбекованың өзі бұл тұжырыммен келіспейтінін жеткізді.

"Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені "менің мықты, ақылды болғанымнан" яғни "күйеуімді осылай мен жасадым" деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді. Ал өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ма қалай ойлайсыздар? Менің ойымша, ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow