Лукашенко Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жетті
Лукашенко 86,82пайыз дауыс жинады
ОСК алдын ала мәліметтерді ұсынды. Оған сәйкес Александр Лукашенко Беларусьтегі президенттік сайлауда дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз жинады.
Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко хабарлады.
Беларусь Орталық сайлау комиссиясының 27 қаңтардағы алдын ала мәліметіне сәйкес А.Лукашенко 86,82 пайыз, О.Гайдукевич 2,02 пайыз, А.Хижняк 1,74 пайыз, А.Канопатская 1,86 пайыз және С. Сыранков — 3,21 пайыз дауыс жинаған.
Барлығына қарсы сайлаушылардың 3,60%-ы дауыс берді. Сайлауға қатысу көрсеткіші 85,70 пайызды құрады, ал сайлаушылар саны 6 903 994 адам болды.
Беларусь заңнамасына сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді. ОСК президент сайлауының соңғы қорытындысын 3 ақпанда шығаруды жоспарлап отыр.
Қорытынды расталғаннан кейін А.Лукашенко Беларусьтің сайланған президенті болып ресми түрде жарияланады.
Сіздің реакцияңыз қандай?