Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында ауыр жол апаты болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 11 қыркүйек күні Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Toyota Hiace" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған", - дейді ведомстводағылар.
Жол апатынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






