Маңғыстауда қоғам белсендісі мүгедек жігітті таяқтады деген күдікке ілінді

Мамыр 15, 2026 - 11:22
chat_bubble  0 visibility  1
Маңғыстауда қоғам белсендісі мүгедек жігітті таяқтады деген күдікке ілінді
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында арбаға таңылған мүгедек жігітті ұрып-соғып, қорлық көрсетті деген күдікпен қоғам белсендісі ұсталды. Бұл туралы Sadaq.kz сайты 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматты қазір тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

Видеодан қоғам белсендісінің бөлме ішінде бір әйелмен ұрысып жатқаны байқалады. Ашуға булыққан азамат кейін жейдесі мен шалбарын шешіп, арбаға таңылған азаматты төсекке жатқызады. Көп ұзамай бетінен шапалақпен тоқтаусыз ұрады. Аяусыз соққыға жығылған мүгедектігі бар жігіт жан даусы шығып айқайлап, қарсыласқанымен күші жетпейді. Кейін ер адам жәбірленушіні тағы қинаған.

Күдіктінің сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен-көрсетпегені әзірге белгісіз. Ішкі Істер органдарының өкілдері жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0