Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген лейтенант сотталды

Қаңтар 24, 2025 - 17:24
 0  47
Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген лейтенант сотталды
Фото: Pixabay.com

Маңғыстау облысында сарбаз Марат Барқұловты өлтірді деп айыпталған әскери қызметші Дамир Досовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Жарыссөзде прокурор Қылмыстық кодекстің 99- бабының 1-тармағына (кісі өлтіру) сәйкес, Дамир Досовты 13 жылға соттауды сұраған еді. Судья іс бойынша шешім шығарды.

«Дамир Досов Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Ол 13 жылға сотталсын. Сондай-ақ «лейтенант» шенінен айырылсын. Досовтан моральдық шығын ретінде 20 млн теңге өндірілсін»,- деді судья Тамара Королевская.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Судья сараптамалардың бәрі қаралып, куәгерлердің жауабы бойынша осындай шешім қабылданғанын айтты.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0