Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айтты

Наурыз 5, 2026 - 16:11
Наурыз 5, 2026 - 16:38
 0  2
Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Иран халқына, сондай-ақ қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына  көңіл айтты.

Иранның Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесу барысында Қазақстанның Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Сейед Әли Хаменеидің, ел басшылығы өкілдерінің және бейбіт тұрғындардың, соның ішінде балалардың өмірін қиған трагедия туралы хабарды аса ауыр қабылдағаны атап өтілді.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының халықаралық қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық құралдармен реттеуді дәйекті түрде қолдайтынын жеткізді.

Сенат Төреғасы Иран Қазақстанның жақын көршісі әрі серіктесі екенін айтып, еліміздің қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0