Маймыл шешегі Еуропаға жетті - Швецияда бір науқас аурханаға түсті
Бұрын маймыл шешегі деп аталған mpox вирусының Еуропадағы алғашқы жағдайы Швецияда тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Швед денсаулық сақтау саласының өкілдері mpox вирусын жұқтырған жағыз науқастың Африкаға сапарлағанын айтқан. Қазір ол ем алып жатыр.
«Еуропалық континентте вирустың анықталуы mpox-тың әлемге жылдам тарап кетуіне себепкер болады. Швециядағы жағдай Еуропада әлден-ақ ондаған адамның ауруды жұқтырып қойғанын білдіреді», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы, профессор Лоуренс Гостин.
Бұған дейін ДДҰ Африка құрлығының кейбір елдерінде қатты өршіп тұрған mpos вирусын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп хабарлаған болатын.
ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус вирустың өршуін бәсеңдету үшін біріккен халықаралық шара қолдануға шақырған.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев әлемде маймыл шешегінің тарауына байланысты Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырды.
"Қазақстанда маймыл шешегінің тіркелуін болдырмау үшін вирустың кіру жолын яғни аэропорт, пойыз және жолдарды бақылауымыз керек. Аталған нысандарда термометрия құралдары қойылды. Маймыл шешегінің негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, теріде түрлі дақтың пайда болуы", - деді министрдің орынбасары.
Сіздің реакцияңыз қандай?