«Мемлекеттік тіл — біреу, ол — қазақ тілі»: Ерлан Кариннің мәлімдемесі

Ақпан 3, 2026 - 20:32
Ақпан 3, 2026 - 20:33
 0  1
«Мемлекеттік тіл — біреу, ол — қазақ тілі»: Ерлан Кариннің мәлімдемесі
Фото: скрин

Қазір қоғам белсенділері Конституциядан 7-баптың 2-тармағын, яғни орыс тілінің мемлекеттік мекемелерде қазақ тілімен тең қолданылатыны туралы норманы алып тастауды ашық талап етіп жатыр. Олардың ұсынысы — заңда тек бір ғана тілдің үстемдігін қалдыру, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ерлан Карин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияда, мемлекеттік тіл жалғыз — қазақ тілі екенін және оның мәртебесі бұлжымайтынын жеткізді. Бірақ көпшілік күткендей 2-тармақтың жойылатыны туралы нақты сөз айтылмады.

Бұл нені білдіреді? Кариннің сөзінен ұғатынымыз: мемлекеттік тілдің беделі заңмен бекітілген, бірақ орыс тілінің ресми қызметі (сол баяғы 2-тармақ) әзірге заңда қала беретін сыңайлы. Билік "тіл біреу" деп қазақ тілінің мәртебесін көтергенсіп, халықтың көңілін аулағанымен, нақты заңдық өзгеріс туралы ақпарат бермеді.

Демек, тіл жанашырлары "ресми тіл" статусын алып тастауды сұрап жатқанда, ресми жауап тек "мемлекеттік тілдің" мықтылығын айтумен шектелді. Ал 2-тармақ мәселесі әлі де ашық күйінде қалып тұр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0