«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы қашан шығатыны белігілі болды

Қазақ киносының классикасына айналған «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы наурыз айында көрерменге жол тартатын болды, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Қожа: Жаңа саяхат» деп аталатын жаңа фильмді наурыз айынан бастап кинотеатрлардан көруге болады. Соңғы уақытта Сұлтан мен Қожаның суреттері бар жарнамалық билбордтар қаланың әр бұрышында көзге түсіп жүр. Бұрынғы фильмнің басты кейіпкерлеріне ұқсас бейнелер көрермендер арасында ерекше әсер қалдырды. Ол туралы редакциямыз да жазған еді.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісімен түсірілген алғашқы фильм 1963 жылы жарық көріп, көрермендердің сүйікті киносына айналған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






