«Менің Олимпиада чемпионым»: Михаил Шайдоровтың сүйіктісі ерекше жазба арнады
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жеңіске жеткеннен кейін оның сүйіктісі Айсұлу Мырзағалиева ерекше жазба арнады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның жазбасының астына әлеуметтік желі қолданушылары риза болып, Айсұлуды да Михаилдың тарихи жеңісімен құттықтауда.
“Менің Олимпиада чемпионым! Сөз жоқ, сен ең үздіксің, әрқашан кереметсің!”, – деді ол.
Айта кетейік, Михаил Шайдоровтың сүйіктісі Айсұлу Мырзағалиева танымал гимнаст. Ол Азия чемпионы және Әлем кубогінің 5 дүркін жүлдегері.
Айсұлудың бұл жазбасының астына жанкүйерлер екі жасқа бақыт тілеп, ризашылықтарын білдіруде.
“Ооо, біздің чемпионымыздың қызы қандай әдемі. Екеуіңе бақыт тілеймін!”, “О, бұл орасан еңбектің нәтижесі. Сенің қолдауың бәрінен ерекше”, “Қандай керемет жұп?! Бақытты болыңдар!”, “ Біздің чемпион сенімді қолда екен. Чемпиондар әулеті болыңдар!”, “ Айсұлу, сені шын жүректен құттықтаймыз!”, – деген жылы лебіздер толассыз жазылуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0