Министр байларға көбірек салық салуды ұсынды

Сәуір 9, 2025 - 15:02
 0  36
Министр байларға көбірек салық салуды ұсынды
Фото: istockphoto.com

Салық кодексінің жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына Премьер-Министрдің Орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасап, өзгерістерге тоқталды.

Серік Жұманғариннің айтуынша, салықтық реформа аясында кейбір тауар санаттары үшін салық мөлшерлемесін арттыру ұсынылуда, бұл бастама «сән-салтанат салығы» деп аталып отыр.

«Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз», – деді ол.

Осылайша, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығының мөлшерлемесін арттыру көзделіп отыр.

Бұған қоса, құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда.

Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік ішімдіктер мен сигараларға 10% акциз енгізу ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0