Министр Мұрат Нұртілеу Мәжіліс ғимаратына келді

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәжіліс ғимаратына келді, деп хабарлады sadaq.kz.
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Президенттің жолдауына дейін Мәжіліс ғимаратына келді.
Журналистер өткен аптадағы «қамауға алынды» деген қауесетке байланысты сұрақ қойды.
«Бұл – абсурд пен жалғандық! Бірақ ондай болады ғой, кейде адамдардың көктемде, күзде…», – деп жауап берді.
Сондай-ақ, ол бизнесмен Гаджи Гаджиевпен «жақын достығы» туралы сұраққа «Әрине, қазір Гаджиевті бәрі біледі, дезинформацияның арқасында. Бірақ мен ешкіммен достаспадым», – деп қысқа жауап берді.
Ал таратылған ақпаратқа байланысты сотқа шағымдана ма деген сұраққа былай деп жауап берді.
Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы уәкілетті органдар бар. Егер қажет болса, солар айналысады, - деді ол.
Өткен аптада сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев ұсталғаны туралы қауесет тараған еді. Артынша ресми органдар мәлімдеме жасап, бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді.
"ҚР Сыртқы істер министрі ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.
Мемлекет басшысының жолдауы республикалық телеарналарда, сондай-ақ, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






