Министрлік АҚШ салған салыққа қатысты мәлімдеме жасады

Сәуір 3, 2025 - 15:30
 0  108
Министрлік АҚШ салған салыққа қатысты мәлімдеме жасады

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстан тауарларына қатысты 27 пайыз салығына қатысты  мәлімдеме жасады.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл салық АҚШ-қа экспортталатын тауарларының елеулі бөлігіне әсері болмайтынын айтты. Өйткені олар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінің тізіміне енгізілген екен. Сондай-ақ министрлік Қазақстанның АҚШ-қа шығаратын негізгі тауарлары — шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар екенін айтады.

Ал бұл санаттағы өнімдер АҚШ президентінің «Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы» жарлығы бойынша өзге тізімге енгізілген. 

«Қабылданған тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа шығатын жалпы экспортының тек 4,8%-ына ғана әсер етеді. Үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ-пен кеңес сұрауға ниетті», — деп хабарлады министрлік. 

Еске салайық, бүгін, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елге баж салығын енгізді. Бұл елдердің арасында Қазақстан да бар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0