Муфтияттағы ақталудың астары: Астанадағы зәулім үйдің иесі Зекет қорын басқарғанда 1,1 млрд теңге ұрланған

Ақпан 6, 2025 - 17:26
Ақпан 7, 2025 - 01:31
Муфтияттағы ақталудың астары: Астанадағы зәулім үйдің иесі Зекет қорын басқарғанда 1,1 млрд теңге ұрланған
Фото: qazaq.today

Қаржы мониторингі агенттігінің іздеу тақтайшасындағы мына екеуі (суретте) республика бюджетінен мүфтияттың «Зекет» қоры арқылы 1,1 млрд теңге ұрлады деп күдікке ілінген. Бұл туралы қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Мұның бәрі Наурызбай Өтпенов наиб мүфти, кейін бас мүфти қызметін атқарып тұрған тұста орын алған оқиға. Сол кезде Әнуарбек Жексенғалиев «Зекет» қоры Астана қаласы өкілдігінің директоры болған. Оның сыбайласы Еркін Медетбеков — Жексенғалиевке дейін «Зекет» директоры болған Нұрлан Лесбекұлы Алжанқұловтың көмекшісі екен. Бұл екеуіне 2022 жылы іздеу жарияланды. Сол жылы Ә.Жексенғалиев ұсталды, 6 жыл 8 айға сотталды. Ал Е.Медетбековтің ісі не болғаны белгісіз.Мүфтият маңындағы құпия дереккөздің айтуынша, Астанадағы «Алланың үйіне» ұқсайтын алып коттедж «менікі» деп жүрген Нұрлан Лесбекұлы Алжанқұлов ««Зекет» қорының Астана филиалының директоры қызметін атқарғанда Ә.Жексенғалиев соның орынбасары еді. Кейін Жексенғалиев Алжанқұловтың орнына директор болыпты»,- дейді ол.

Әлімбековтың айтуынша, «Зекеттің» экс-директоры Алжанқұловтың Астанадағы алып үйінің видеосы жарияланғанда мүфтият қызметкерлері шыжбыңдап, жанын қоярға жер таппай кетіп еді, бекер емес боп шықты.

«Мұнда дәу гәп бар екен. Бұл ақпарат сол гәптің бір бөлшегі ғана. Меніңше, Астанадағы «Алла үйіне» ұқсайтын алып коттедждің «мүфтиятқа қатысы жоқ, үй — кәсіпкер Алжанқұловтікі…» деп бетбақтырмайтын мәлімдемемен жамағатты төпелеудің астарында тағы бір гәп бар сияқты. Мен қазір сол гәпті негіздейтін фактін іздеп, интернетті шұқылап қазып жатырмын»,- деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow