«Нағыз популизмнің үлгісі»: Ермұрат Бапи Жаңа Конституцияны сынаушылар туралы айтты (ВИДЕО)

Наурыз 4, 2026 - 18:45
 0  2
«Нағыз популизмнің үлгісі»: Ермұрат Бапи Жаңа Конституцияны сынаушылар туралы айтты (ВИДЕО)
mazhilis.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Жаңа Конституция жобасын сынап жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Депутаттың айтуынша, елдегі саяси өзгерістердің мәнін түсінбей, негізсіз сын айтып жүргендер популизммен айналысып жүр.

«Жаңа Конституция жобасын оңды-солды сынаушылар — ескі жүйенің диірменіне су құйып жүргендерін біле ме екен? Бұл — нағыз популизмнің үлгісі», — деді Ермұрат Бапи.

Сондай-ақ депутат жаңа Конституция «суперпрезиденттік» жүйені қайта тірілтеді деген пікірмен келіспейтінін айтты.

«Жаңа Конституция “суперпрезиденттік” жүйені қайта тірілтеді деген пікір — санаға сыймайды. Бұл — негізсіз, жаңсақ пікір. Керісінше, бұрынғы процессуалдық тәртіптер енді Құрылтай құзыретіне ауыстырылады», — деді ол.

Депутаттың сөзінше, жаңа Конституцияның басты мақсаты — билікті бір қолға шоғырландырмау және авторитарлық басқару тәсілдерінен бас тарту.

View this post on Instagram

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0