«Намаз уәдеден жоғары қойылмауы тиіс»: танымал журналист «намаз культіне» қатысты ойын айтты

Ақпан 20, 2025 - 16:51
«Намаз уәдеден жоғары қойылмауы тиіс»: танымал журналист «намаз культіне» қатысты ойын айтты

Белгілі журналист Жанар Байсеміз қоғамда жиі кездесетін «намаз культі» туралы өз ойын білдірді,  деп хабарлайды Todayinfo.

Ол бұл мәселеге қатысты дінтанушы, имам, зерттеуші және «Әбу Ханифа. Өмірі мен мұрасы» кітабының авторы, Татарстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болған Рустам Батыровтың пікірін қолдайтынын айтты.

«Ислам дінін өзге қырынан көрсетуге тырысатын амалдары маған жағып жатыр. Адамдар ойлансыншы деп, жариялап отырмын», – дейді Жанар Байсеміз.

«Намаз культі» деген не?

Бұл намаз оқымау керек деген сөз емес. Бірақ намаздың құлшылық ретіндегі маңызы адамгершіліктен, жауапкершіліктен және уәдеден жоғары қойылмауы тиіс.

«Жұма намаз бен белгілі бір адам алдындағы парыз бен міндет қатар тұра қалса, олар намазды таңдайды екен. Яғни олар Аллаға құлшылық жасау деген – адамға құлшылық жасау емес екенін түсінбейді», – деп жазады автор.

Қоғамдағы көрінісі

???? Такси жүргізушілерінен бастап, мемлекеттік қызметкерлерге дейін кейбір адамдар жұмысты немесе міндеттерін кейінге қалдырып, намазға басымдық береді.
???? Бұл әрекет кейде жауапкершілікті ұмытуға, уәдеден таюға әкелуі мүмкін.
???? Намаз оқитын адам ең алдымен өз парыздары мен міндеттеріне адал болуы тиіс.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar Baisemiz (@janar_baisemiz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow