«Наурыз қазақтікі емес»: арандатқан жігіт қамауға алынды

Наурыз 27, 2026 - 09:12
chat_bubble  0 visibility  90
«Наурыз қазақтікі емес»: арандатқан жігіт қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Полиция әлеуметтік желіде «Наурыз қазақтың мейрамы емес» деп сөз таратқан жігіттің үстінен діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Tizgin.kz порталымызға келген ІІМ жауабында жазылғандай, 23 наурызда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында «TikTok» платформасында Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария айтылған пікірлері бар бейнематериал анықталған. 

“Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, – деп жауап берді ІІМ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0