Назым Қызайбай балаларға 2 млн теңге таратып берді

Шілде 31, 2025 - 14:50
Шілде 31, 2025 - 15:16
Назым Қызайбай балаларға 2 млн теңге таратып берді
Фото: ҚБФ

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында көпбалалы аналарға көмек көрсеткенін жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ол жәй балаларға емес, 5-6 баласы мектепке баратын ата-аналарға көмектескенін атап өтті. Жаттығудан кейін өзіме риза болып тұрмын. -2 000 000 теңге, +40 бақытты бала, +күлімдеген көпбалалы аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді», - деп жазды боксшы ару.

Ол мұндай көмекке мұқтаж отбасы әлі де көп екенін айтты.

«Егер шын ниетпен көмектескісі келетіндер болса, мәліметтерін бере аламыз. Көмекшіме жазыңыздар. Аз да болса, қолымнан келгенше көмектестім. Мүмкіндік болып жатса, тағы көмектесемін», - деп сөзін түйіндеді Назым Қызайбай.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow