Непалда жоғалған қазақстандықтар әлі табылған жоқ - СІМ
Непалда жоғалған қазақстандықтарды іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұған дейін жойқын су апатынан кейін Непал мен Қытай шекарасында екі Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы ақпарат шыққан. Одан кейін ол жерде тағы бір қазақстандықтың турист болып барғаны расталды.
"Қытай мен Непал шекарасында орын алған апат аумағында біздің үш азаматшамыз хабар-ошарсыз кеткен болатын. Өкінішке қарай, қазіргі таңда оларға қатысты ешқандай жаңалық жоқ. Біздің дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен жұмыс істеп жатыр, іздестіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Олардың отбасыларымен байланыс орнаттық", - деді Үсенов бүгінгі брифингте.
Министрлік өкілі үшеуіне қатысты толық ақпарат бар екенін де жеткізді. Бірақ жеке деректерін жарияламады, жасын да айтқан жоқ. Себебі негізгі мақсат – олардың табу.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0