Оңтүстік Корея президентінің кеңсесіне тінту жүргізілді
Тінту әрекеттері сондай-ақ Ұлттық полиция мен Сеул қалалық полиция басқармасында да жүргізілуде
Оңтүстік Кореяда полиция 3 желтоқсанда президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты тергеу аясында Сеулдегі президенттік офиске тінту жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тінту жұмыстары Ұлттық полиция мен Сеул қалалық полиция басқармасында да жүргізілуде.
Операциялар Ұлттық ассамблеяның төрағасы У Вон Сик парламенттің әскери жағдаймен байланысты оқиғаларды тергеу үшін өз өкілеттіктерін пайдаланатынын мәлімдегеннен кейін басталды.
Алдыңғы күні Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы 3 желтоқсандағы әскери жағдай енгізуге тырысқан президент Юн Сок Ёльді «шұғыл» тұтқындауды қарастыратын қарар қабылдаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?