«Он күн оттегімен демалды»: Дәрігерлер Роза Әлқожаның немересін перзентханадан шығармай қойған (ВИДЕО)
Жақында тұңғыш немересі өмірге келіп, әже атанған танымал әнші Роза Әлқожа сәбидің перзентханадан шыққанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz ақпарат порталы.
Әншінің сөзінше, сәби мерзімінен ерте туылып бірнеше күннен бері оттегімен демалған. Соған байланысты дәрігерлер баланы перзентханадан шығармай қойған.
«Кеш жарық! Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түстім. 20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермеген. Бөпемізді шығаруға бүгін ғана рұқсат беріп, аяқ астынан шығарып алдық! Шәкен Бердібекова алғашқы шөбересін өзі алып шықты. Бата-тілек арнай отырыңыздар. Қуаныш жұғысты болсын! Балапанымыз үлкен боп өсіп кетсінші!», - деді Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?