«Орамалды қыздың бәрі оңбаған»: Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамын cынады (ВИДЕО)

Наурыз 4, 2025 - 17:12
«Орамалды қыздың бәрі оңбаған»: Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамын cынады (ВИДЕО)
Коллаж: Sn.kz

Айтыскер ақын, кейінгі кездері өзін психолог ретінде таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында адамға құндылық ретінде қарау азайып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қазақ қоғамына жетіспей жатқан толеранттылық Түркияның Стамбул қаласында жақсы қалыптасқан. 

«Мынандай нәрсеге таңғаламын. Мысалы, Стамбулдың көшесінде кең киген, басында орамалы бар қыз бен үстінің бәрі татуировка бір қыз екеуі күліп-ойнап, шәй, кофе ішіп отырады. Татуировкасы бар қыз орамал таққаннан безбейді, орамалы бар қыз татуировкасы бардан қашып отырған жоқ. Бір-біріне деген табиғи толерантность байқайсың. Ол екеуінің мүмкін өмірге көзқарасы екі түрлі болуы мүмкін. Бірақ, бір-бірінің жүйкесінде ойнамай, бір-бірі туралы артық сөйлемеу деген нәрсенің көрінісін байқайсың. Біздің қоғамда қазір мысалы, орамал таққан қыз әлеуметтік желіде ерсі бір нәрсе жасап қойса, бітті, бүкіл орамалды қыздың барлығы оңбаған. Өйтіп орамалдарыңды тақпай-ақ қойыңдар, неменеге олай екіжүзді болып жүрсіңдер дегендей көпке топырақ шашылып кетіп жатады. Ел алдында жүрген адамның ішкені, бір артық сөйлегені көрініп қалса, бас салып оны сызып тастап, өмірін жоғалтып жіберуге тырысамыз. Негізі, әрқайсымыздың басымызда сондай қателіктер, сүрінулер болуы мүмкін. Біз бір-бірімізге төзімді болу, бір-біріміздің жағдайымызға кіру, жалпы бір-бірімізді адам ретінде, құндылық ретінде қарау — қазіргі біздің қоғамда азайып бара жатқан құбылыс. Егер, осы құбылыстар азая беретін болса, онда қоғамда суықтық, ашу, өкпе, реніш деген негативтер көбейеді да, жан-жағымыз нұрланбайды, сәулеленбейді. Керісінше, жан-жағымыздың барлығы бұлыңғыр болып, әрқайсымызға өмір сүру ауырлай береді», — дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedzhan Tazabek - ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow