Орегонда мектеп атысы болып, 3 бала мен мұғалім қаза тапты
Орегон штатындағы бастауыш мектепте 16 жастағы жасөспірім оқ жаудырып, 5, 8 және 11 жастағы үш бала мен мұғалімді өлтірді. Күдікті қарулы тұрғынның оғынан қаза тапты.
АҚШ-тың Орегон штатындағы Бенд қаласындағы бастауыш мектепте 16 жастағы жасөспірім оқ жаудырды. BBC хабарлауынша, 5, 8 және 11 жастағы үш бала мен бір мұғалім қаза тапты.
Полицияның мәліметінше, күдікті мектепке кіру үшін жабық есіктерге оқ атқан. Қарулы бір тұрғын күдіктінің соңынан мектепке кіріп, оны атып өлтірген. Күдікті де оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ, 7 жастағы бала мен тағы бір мұғалім ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде. Қосымша ақпарат әзірге жарияланбады.