«Осыны қалай шақырады?»: Атышулы Сабыржан асаба тағы да сынға ұшырады
Танымал асаба Сабыржан Түзелбаев тағы да көпшіліктің сынына қалып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Желіде тараған кадрларда асабаның жас жұбайлардың үстеліне жайғасып алып, электронды темекі (вейп) шегіп отырғаны байқалады. Көпшілік мұндай әрекетті той мәдениетіне жат қылық деп бағалап, салтанатты кештің сәнін бұзды деп сынға алды.
Видео астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
«Мынасы несі? Масқара ғой!», «Осы асаба қатты шектен шығып кетті», «Той жүргізуге осыны қалай шақырады?», «Жауапкершілікке тартылсын!», «Тойдың шырқын бұзды ғой», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Сабыржан Түзелбаев бұған дейін де түрлі ерсі әзілдері мен көпшіліктің сынына ұшыраған әрекеттеріне байланысты әлеуметтік желіде жиі талқыға түскен болатын. Ал бұл жолғы видео да қызу пікірталас тудырып, желі қолданушылары асабаның әрекетіне құқықтық баға беруді талап етуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0