Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Дзюдошы өз елінің азаматтығына өтініш берген.

Қаңтар 8, 2025 - 14:30
Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан азаматтығынан бас тартты
Фото: ҰОК

2015 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келе жатқан дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығына өтініш берді. Бұл туралы 1bol.kz хабарлайды.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан атынан күрескен белгілі дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах 2021 жылы өз отаны Моңғолияға оралған болатын.

Кешегі желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді. Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. 

Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы. Гранд Слэм, Гран При жарыстарында бірнеше рет топ жарды. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Отгонцэцэг Галбадрах Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтап, Монғолия астанасы Ұланбатыр қаласына көшіп кетті. Осында Winner judo, sport club клубын ашқан. Қазіргі уақытта жас дзюдошылар дайындайды. Шәкірттері халықаралық жарыстарда күресіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow