«Өз пайдасын ойлап отыр»: Журналист Меруерт Өтекешова 1млн беретінін айтқан Баян Мақсатқызын сынға алды

Сәуір 30, 2026 - 12:34
app_badging Сәуір 30, 2026 - 12:49
chat_bubble  0 visibility  156
«Өз пайдасын ойлап отыр»: Журналист Меруерт Өтекешова 1млн беретінін айтқан  Баян Мақсатқызын сынға алды
Коллаж: Sadaq.kz.

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қазақ өнерінің аңызы Меруерт Өтекешоваға жасаған сый-құрметі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Журналист Абай Сейфуллаұлы продюсердің бұл әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

”Баян Алагөзова жаһанға жар салып, Меруерт Өтекешоваға шуба кигізем, миллион теңге стипендия төлеймін деп жатыр. Ол сөздерін «Ұмыт қалған қаншама Халық әртісі бар, өнерге қызмет қылды, меценаттар, сіздер де оларды ескеріңіздерші» деп қуаттапты.

Бір көргенде «міне мәрт, шіркін-ай» дегізеді. Алайда Халық әртістері сыйлықтан, көмектен кенде болған емес. Олар мемлекеттің қарауында. Үйлі-күйлі. Үлкен іс-шараларға шақырылады, төрде отырады, сөз сөйлейді, жастармен кездеседі. Биыл Өтекешованың 75 жас мерейтойы бірнеше жерде атап өтілді. Жыл бойы жалғасады.

Баян айтқандай назардан тыс қалып үйде отырған жоқ. Талай меценат жария қылмай үлкен сыйлықтар жасап тұрады.

Себебі олар бір нәрсені біледі: мұндай жария әрекеттер — Меруерт Өтекешованың беделін көтермейді, керісінше қорғансыз қылып көрсетеді. «Байғұс-ай, бір Баян болмаса қайтер еді» дегізеді. Яғни Алагөзова «Қыз Жібектің» жыртығын бүтіндеп отырған жоқ, өз ұпайын түгендеп отыр.

Қатты ықыласы ауып бара жатса жеке барып беретін еді, бірақ есебі дұрыс шықпай қалатынын біледі.

Қадірлі тұлғаларымызда қартайғанда бақай есебіміз үшін пайдаланғанды қойсақ деймін”, — деді  журналист.

Желі қолданушылары да Баян Алагөзованы қолдаса, бірі сынның астына алды.

«Баяндікі дұрыс. Осылай елге жариялау керек, мерейін арттыру керек», "Керісінше бұл зор құрмет деп ойлаймын», «Баянның кезекті мазағы», «Құрмет түгіл ештеңесі жоқ, Меруерт Өтекешова Баянсыз да құрметті»,– деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0