«Пара алмаған»: Ерқанат Көпжасар істі болған журналиске араша түсті (ВИДЕО)

Сәуір 30, 2026 - 16:35
app_badging Сәуір 30, 2026 - 16:35
chat_bubble  0 visibility  9
«Пара алмаған»: Ерқанат Көпжасар істі болған журналиске араша түсті (ВИДЕО)
Коллаж: sadaq.kz

Шымкентте журналист Арай Есенбекке қатысты шыққан сот ісі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін ол «бопсалау» күдігімен айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алайда әлеуметтік желіде бұл іске қатысты жаңа видео жарияланып, көпшіліктің пікірін өзгертті. Журналист Ерқанат Көпжасар Facebook парақшасында Арай Есенбектің қатысуымен түсірілген видеоны бөлісіп, өз көзқарасын білдірді.

Ондағы диалогтан үзінді:

– «Ақшаны сумкаға сала салшы.»
– «Салмаймын.»
– «Алды ма?»
– «Алған жоқ.»
– «Өзің беруің керек еді. Неге өзің бермейсің?». 

Автордың айтуынша, бұл қысқа әңгімеден Арай Есенбектің ешкімнен пара алмағанын аңғаруға болады.

«Бір минуттық диалогтан ұққанымыз — журналист Арай Есенбек ешкімнен пара алған жоқ», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, жазба иесі бұл видео апелляциялық сотта негізгі дәлел ретінде қарастырылуы тиіс екенін алға тартқан. Оның пікірінше, даулы қаржыны қарсы тараптың өзі үшінші тұлғаның есепшотына аударуы да мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін сот мәліметінше, Арай Есенбек Шымкент әкімдігіне қатысты жағымсыз материал жариялайтынын айтып, 10 миллион теңге көлемінде келісімшарт талап еткен. Кейін оның анасының есепшотына ақша түскені айтылған. Сот бұл әрекеттерді ескеріп, оған 5 жыл жаза тағайындаған.

Қазіргі таңда бұл іс қоғам назарында қалып отыр. Желі қолданушыларының бір бөлігі журналисті қолдап, істің әділ қаралуын талап етуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0