Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылып тынды

Ақпан 26, 2025 - 15:29
Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылып тынды
ашық дереккөз

Әділет министрлігі «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» жабылғандығын хабарлады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, осы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз түскен. Арызды Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан түскен. Себебі,  «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтар болған.

Перизат Қайрат басқарған «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow