Петропавлда бес жасар бала қонақүйдің терезесінен құлап кетті
Петропавлдағы қонақүйлердің бірінде бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға өткен демалыс күндері болған. Бала қонақүйде ата-анасымен бірге тұрған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын және сол сәтте ересектердің қай жерде болғанын анықтап жатыр.
Жедел жәрдем қызметкерлері баланы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның айтуынша, балаға бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Сонымен қатар оның оң жақ саны, балтыры мен табанында соғылған жерлер мен гематомалар бар.
"Қазір ол төсектік режимде жатыр, ем хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Әзірге хирургиялық араласу қажет болған жоқ. Егер жағдайға байланысты қажеттілік туындаса, ота жасалады", – деді Гүлнар Қалиева.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0