Петропавлда полицияның қолына түскен жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмды

Тамыз 6, 2025 - 09:58
Петропавлда полицияның қолына түскен жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фото: Pixabay

Петропавл қаласындағы полиция бөлімшелерінің бірінде 29 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол заң бұзғаны үшін полицияның қолына түсіп, қызметкерлер оны бөлімшеге алып барған еді. Туыстарының айтуынша, жас жігіт уақытша қамау изоляторында өз-өзіне қол салған.

Жас жігіттің полиция бөлімшесінде көз жұмғанын біздің редакцияға СҚО-ның полиция департаменті растады.

«Осы адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, тергеу жан-жақты, істің мән-жайын толық ашатындай өтеді», - деп сендірді СҚО-ның полициясы.

Адам өліміне қатысты қылмыстық іс аясында полицияның іс-әрекетіне қатысты да тергеу өткен.

«Қызметтік тексеріс аясында полиция қызметкерлерінің тарапынан заң бұзу фактісі анықталған жоқ. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow