Петропавлда жарылыс болып, бес адам зардап шекті

Ақпан 20, 2025 - 15:23
Петропавлда жарылыс болып, бес адам зардап шекті

Петропавлда кәріз коллекторында жарылыс болып, 5 жұмысшы зардап шекті деген ақпарат тарады.

Слтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға кеше болған.

«19 ақпан күні кешке Петропавлда Жуков көшесіндегі үйдің ауласында төтенше жағдай болды. Кәріз коллекторындағы ескі құбырды бөлшектеу кезінде жарылыс болды. Нәтижесінде апаттық бригаданың бес қызметкері зардап шекті», деп хабарлады полиция департаменті. 

Құқық қорғау органдары жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғады

Сотқа дейінгі тергеп–тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 156-бабы «еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow