Премьер-министрге «сәлем» жолдаған депутат төрағадан сөз естіді

Премьер-министрге “сәлем айту” артық болады деп ойлаймын. Болашақта ескеріңіз!

Сәуір 9, 2025 - 15:50
 0  45
Премьер-министрге «сәлем» жолдаған депутат төрағадан сөз естіді

Депутат Ерлан Сайыров Жұманғариннің жауабына қанағаттанбай, премьер-министрге «сәлем» жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің ірі капиталға қатысты жауабын жеткіліксіз деп бағалап, өзінің наразылығын ашық білдірді. Ол бұл мәселеде Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына үндеу жасауды да жөн көрді.

"Өкінішке қарай, мен жауап ала алмадым. Меніңше, ірі капитал мүддесін лобби жасау фактілері бар. Сондықтан сізден үлкен өтінішім – өз қарамағыңыздағы адамдарды бақылап, премьер-министрге сәлем айтыңыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Менің ойымша, біз сізбен бірге мемлекет мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдаймыз деп сенемін", деді Сайыров. 

Қошанов: «Премьерге сәлем айтудың қажеті жоқ»

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат әріптесінің бұл мәлімдемесіне бірден реакция білдіріп, саяси риториканы тиянақты қолдануға шақырды.

"Әріптесіміз депутат Сайыровтың сөзі бойынша: премьер-министрге “сәлем айту” артық болады деп ойлаймын. Тиісті министрлік егер орынбасары жауап бере алмаса халға шақырып, біз айтқан мәселе бойынша тыңдауға құқығымыз бар. Осыны болашақта ескеріңіз", - дейді Қошанов. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0