Президент сайлауы 27 қаңтарға белгіленді

Шілде 29, 2026 - 17:00
 0  17
Президент сайлауы 27 қаңтарға белгіленді
Фото: istockphoto.com

Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс күні болып жарияланады, деп хабарлайды Sadaq.kzk

Тиісті өзгерістерді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров президент пен Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қою арқылы бекітті.

Жаңа заңға сәйкес, сайлауға қатысқан азаматтардың орташа күндік жалақысы толық сақталады.

Сонымен қатар дауыс берген азаматтарға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылмақ. Олардың нақты тізімін Қырғызстан Министрлер кабинеті айқындайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0