Путин Назарбаевпен кездесті

Мамыр 30, 2025 - 09:37
 0  57
Путин Назарбаевпен кездесті
Фото: Кремль

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлады Кремьлдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 

"Бүгін президент Кремльде Мәскеуде жүрген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті", - деді ол.

Кездесу 29 мамырда өткен.

Кремльдің телеграм-арнасында дыбыссыз шағын видео жарияланды.

Онда Назарбаев пен Путиннің амандасып жатқаны көрінеді. Екеуінің не жөнінде сөйлескені белгісіз.

 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0