Путин Қазақ-Ресей шекарасындағы Белуха тауының мәселесін шешуді тапсырды
Владимир Путин Ресейдің Экономикалық даму министрі Максим Решетниковке Алтайдағы Белуха тауына қатысты шекара мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлады orda.kz
Бұл туралы Ресейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Белуха тауы — биіктігі 4506 метр, Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан және оған шығу үшін Қазақстан аумағын кесіп өту қажет. Ресей министрінің сөзінше, бұл Алтай өлкесіндегі туризмді дамытуға кедергі келтіріп отыр.
Решетниковтің айтуынша, мәселені шешу үшін екі ел арасында үкіметаралық келісім жасау қажет. Путин бұл мәселенің ерекше бақылауда екенін және оны шешу үшін Сыртқы істер министрлігі арқылы көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
«Бізде Қазақстан шекарасы бойынша шешілмеген бір мәселе бар. Ол Белуха тауы. Осы мәселені шешу үшін үкіметаралық келісім жасау қажет. Себебі, тауға шығу үшін Қазақстан аумағын пайдалану керек, онда шекаралық режим бар. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Біз бұл мәселемен қазақ әріптестерімізбен жұмыс жасап жатырмыз», — деді министр Решетников.
Владимир Путин былай деп жауап қайырды:
«Жақсы. Бұл мәселені шешу қажет. Егер Сыртқы істер министрлігі арқылы көмек қажет болса, маған хабарласыңыздар», — деді Путин.
Сіздің реакцияңыз қандай?