Қайраттың Жұлдызы ауруханаға түсіп қалды

Маусым 13, 2024 - 12:23
Маусым 13, 2024 - 13:24
Қайраттың Жұлдызы ауруханаға түсіп қалды

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова басы ауырып, шұғыл ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, бас ауруы оны бірнеше жылдан бері мазалап келеді екен. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қоймаған.

«Осыдан екі күн бұрын приступ беріп, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Бірінші ем алуым керек екен. Қан талдамасын тапсырып қойдым. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады. Сондықтан ауырмаңыздар. Негізі 2016 жылдан бері ем қабылдап келе жатқан едім. Кейіннен карантиннің салдарынан ем алуды мүлдем ұмытып, есімнен шығып кетті. Әйтпесе әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайдылықпен қарай саламыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен», - дейді Жұлдыз.

Актриса бас ауырса, бірден дәрігерге барып қаралу керектігін айтады. Желі қолданушылары оған тез сауығып кетуін тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow