Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Сәуір 6, 2024 - 11:18
Сәуір 6, 2024 - 14:07
Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. 

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды», - деп хабарлады облыстық штабтан.

Жағдайға байланысты Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов Құлсарыдағы жағдайға байланысты қала халқына үндеу жасады.

Құлсары қаласы тұрғындарының назарына! Қаламыздың тұрғындарын толықтай эвакуациялау туралы жергілікті халық арасында түсініспеушілік туындады. Қазіргі уақытта тек су басу қаупі бар шағынаудандардың тұрғындары ғана эвакуацияланады. Бүгін әкімдік Жем өзенінің арналарын тазартуға айтарлықтай күш салды. Ол су деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізеді, – дейді аудан әкімі .

Ол сенімін жоғалтпай, жағаны бекіту жұмыстарын жұмыла жасап жатқан Құлсары халқына алғысын білдірді.

Жағдайдың қиындығына қарамастан, халықты үрейге ерік бермеуге шақырамын. Туындаған келеңсіздіктерді мейлінше азайтып, сүйікті қаламыздың әр тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барымызды саламыз, – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow