Раиси тікұшағының бортында болған «жұмбақ» орыс кім?
Еске сала кетейік, 19 мамырда Bell-214 тікұшағы құлады, оның бортында Иран президенті Ибрахим Раиси, сондай-ақ Тегеранның бірқатар шенеуніктері болған, ешкім аман қалмады. Кейінірек бортта өзгелермен бірге Ресей азаматының да болғаны анықталды. Бұл туралы «Ақпараттық қарсылық» тобының әскери-саяси шолушысы Александр Коваленко Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Сарапшы Александр Коваленко Кручев деген тегі ғана белгілі ер адам туралы оның Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар болуы мүмкін және Ибрахим Раисимен бірге жүрген деген болжам барын айтады.
Оның мәлімдеуінше, ирандық тікұшақтың бортында жұмбақ күйде қаза тапқан Кручев туралы тек кейбір ирандық, грузиндік және үнділік бұқаралық ақпарат құралдары жазды, кейін ұмытылып кетті.
«Өз кезегінде бірде-бір ресейлік БАҚ Шығыс Әзірбайжан провинциясында құлаған ирандық тікұшақ бортында болған ресейлік туралы хабарлаған жоқ», - деді Александр Коваленко.
Ол Иранның Мәскеудегі елшісі журналистерге 19 мамыр күні кешке Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен, Бас штабтың басшысы Валерий Герасимовпен, Президенттің кеңесшісі Игорь Левитинмен, ТЖМ басшысы Александр Куренковпен, сондай-ақ, аты аталмаған ФСБ-ның жоғары лауазымды шенеунігімен кездесуі болғанын еске салды.
Әскери-саяси шолушы бұл адамдардың барлығы жиналысты тек Иран президенті Ибрахим Раисидің тағдыры туралы алаңдап, оған қалай көмектесуге болатындығын ақылдасу үшін өткізгеніне күмәнданады.
«Мүмкін, Кручевтің Иранның ядролық бағдарламасына тікелей қатысы бары және Президент Раисиді осы сапарда шығарып салуы тегін емес шығар. Оның Bell-214 бортында болуын жасыру Ресей үшін өте маңызды және Ресейдің әскери-саяси басшылығы бірінші кезекте осы адамның тағдырына қамқорлық жасады», — деп қорытындылады Коваленко.
Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Иран министрлігі Президент Ибрахим Раисидің қайтыс болғанын ресми түрде растады. Президенттің міндеттерін Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммед Мохбер атқарады. Ал президенттік сайлау 28 маусымда өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?