Ракқа қарсы отандық дәрінің қашан шығатыны белгілі болды
Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі DVC деп аталады. Алматыдағы онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 науқасқа дәрінің сұйытылған түрі салынған.
Отандық ғалымдар ойлап тапқан қатерлі ісікке қарсы дәрі қазір сынақ түрінде 15 ерікті емделушіге салынған. Егер оң нәтиже берсе, әрі қарай мың науқасты емдеуге қолданылады. Содан соң дәрі нарыққа шығарылады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Хабар арнасына сілтеме жасап.
Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, негізгі патент АҚШ-та болғанымен, лицензия Назарбаев университетіне тиесілі. Атақты биотехнолог Дос Сарбасов АҚШ-тың Техас университетінде Андерсон ірі онкологиялық орталығында жұмыс істеген. Қазақстанға арнайы шақыртумен келген бетте қатерлі ісік жасушасының қоректік процесін зерттеуге кірісіпті.
Қатерлі ісік жасушалары глюкозамен қоректенеді. Ал біздің ойлап тапқан әдіс ерекше. Оларды тамақтандырамыз деп алдап, ауру жасушаларды аштан өлтіру. Мәселен, мына С дәрумені мен мышьякты қатар қолданып, олардың көзін жоюға болады. Бұл әдіс әлем бойынша әлі де қолданылмаған, - дейді Назарбаев университетінің профессоры Дос Сарбасов.
Ғалым бұл препаратты көп жыл іздену нәтижесінде ойлап шығарған. Қазір арнайы орталықта бекітілген нормаға сәйкес екі сынау кезеңінен өтіп жатыр. 15 емделушіге осы дәрі салынып, бақылауға алынған. Егер оң нәтиже берсе, әрі қарай мың науқасты емдеуге қолданылады. Содан соң дәрі нарыққа шығарылады екен.
Шындап келгенде, ғылымға қаржы жақсы бөлінуде. Ғылым және жоғары білім министрлігі әрі қарай зерттеуді жалғастыру үшін тағы ақша бөлді. Бізге әлі де біраз уақыт керек. Себебі қазір дәрілерді аз қөлемде науқастарға беріп жатырмыз. Оның дұрыс емдеуге қауқарлы мөлшерін тапқанда, келесі кезеңге өтеміз, - дейді профессор.
Қатерлі ісікке қарсы дәрі DVC деп аталады. Алматыдағы онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 науқасқа дәрінің сұйытылған түрі салынған.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бәрі сәтті өтсе, препарат 1-2 жылдың ішінде нарыққа шықпақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?