Рамзан Қадыровтың ұлының тойына Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев қатысқан

Шілде 1, 2025 - 10:21
Рамзан Қадыровтың ұлының тойына Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев қатысқан

Рамзан Қадыровтың кәмелет жасына толмаған ұлының үйлену тойына екі вице-премьер мен төрт елші қатысты. 

Мұны Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Stan.kz. 

“Ұлымның үйлену тойына Ресей премьер-министрінің орынбасарлары Денис Мантуров пен Александр Новак, президенттің өкілі және бұрынғы бас прокурор Юрий Чайка, Ресейдің либералдық-демократиялық партиясының төрағасы Леонид Слуцкий, тоғыз аймақтың басшылары, Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстанның елшілері қатысты.  Премьер-министр Михаил Мишустин, Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин, Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко және президент әкімшілігінің басшысы Антон Вайно үйлену тоймен құттықтады”, – деп жазды ол. 

2023 жылдан бері Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарады. 

Айта кетейік, Адам Қадыров 28 маусымда Рамзан Қадыровтың жақын серігі шешен сенаторы Сүлейман Геремеевтің қызына үйленген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow