Ресей Польшаға шабуыл жасады

Ресейдің Украинаға жасаған кезекті жаппай шабуылы Польшаның тыныштығын бұзды, деп хабарлады sadaq.kz.
Ресейлік дрондардың Польша әуе кеңістігіне кіріп кету қаупіне байланысты Варшава, Жешув және Любляна әуежайлары таңға дейін уақытша жабылды.
Авиация қызметкерлеріне арналған ресми NOTAM хабарламасында әуежайлардың «күтпеген әскери әрекеттерге байланысты» уақытша жұмысын тоқтатқандығы көрсетілген.
Польша премьер-министрі Дональд Туск ресейлік ұшқышсыз ұшу аппараттарының (БПЛА) әуе кеңістігін бұзғанын растады. Оның айтуынша, мұндай заңбұзушылықтар «көптеген мәрте» тіркелген және оларға қарсы қару қолданылған. Кейінірек Туск дрондардың атып түсірілгенін хабарлады.
«Мен НАТО Бас хатшысын жағдайдың барысы және біздің әуе кеңістігімізді бұзған нысандарға қарсы қабылданған шаралар жөнінде құлағдар еттім. Біз тұрақты байланыстамыз», – деді ол.
Польша қарулы күштерінің Оперативтік қолбасшылығы ондаған нысан бақылауға алынғанын және олардың бір бөлігі атып түсірілгенін мәлімдеді.
«Бұл – біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне нақты қатер төндірген агрессия әрекеті», – делінген ресми хабарламада.
Оқиға НАТО мен Еуропа қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Сарапшылар Польшадағы жағдай Ресейдің Украинаға қарсы соғысының жаңа кезеңге өтіп жатқанын көрсететінін атап өтуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?






