«Ресейге барып сырғана»: халық АҚШ вице-президентін шаңғы курортына кіргізбей қойды

Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Украина президенті Зеленскийдің сәтсіз кездесуінен кейін АҚШ-та ел билігіне деген қарсылық тым күшейіп кетті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Вермонт штатының тұрғындары АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнсті шаңғы курортына кіргізбей қойған.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Джеймс Дэвид Вэнс Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен Ақ үйдегі кездесуінен кейін отбасымен бірге Вермонт штатындағы "Шугарбуш Резорт" тау-шаңғы курортында демалуға бармақ болған. Алайда Джеймс Дэвид Вэнстің бұл сапары жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызған.
Тұрғындар Уоррен, Уэйтсфилд елді мекенінің басты көшесі мен курорттың шаңғы трассаларына апаратын жолды жауып, наразылық шарасын өтізген. Протестке шыққандар Вэнсті Ресейге баруға шақырып, оны және Трампты Зеленский мен украин халқына "қысым көрсетуге тырысты" деп айыптаған.
Сондай-ақ Украинаға қолдауды жалғастыруды талап етенн. Плакаттарда "Трамп – Путинге қызмет етеді", "Вэнс – сатқын" деген жазулар болған. Осыдан кейін амалсыз Вэнс пен оның отбасы отырған көлік бағытын өзгертіп, басқа қонақүйге орналасуға мәжбүр болды.
Жергілікті Vtdigger басылымының мәліметінше, Уэйтсфилдтегі наразылыққа шамамен 3000 адам жиналған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






