Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады.

Сәуір 22, 2025 - 09:19
Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Шымкент әкімінің орынбасарына операция жасалды, өміріне қауіп жоқ, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды, деп хабарлайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ.

«Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow