Руслан Желдібай Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалуы мүмкін

Қаңтар 29, 2026 - 10:15
Қаңтар 29, 2026 - 10:52
 0  114
Руслан Желдібай Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалуы мүмкін
фото: akorda.kz

SADAQ инсайдерлерінің ақпаратына сәйкес, Руслан Желдібай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалуға тиіс.

Президент әкімшілігі саяси өзгерістер кезеңінде ақпараттық блокты күшейтуге мән бере бастағанын байқауға болады.

Айта кетейік, Руслан Желдібай бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған болатын.

Руслан Желдібай 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

"Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

2011-2012 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор.

2012-2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін – Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін – ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 ақпанға дейін – Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.

2025 жылғы 17 ақпаннан 2026 жылғы 29 қаңтарға дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0