Рустам Әлі мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Наурыз 4, 2026 - 18:20
Наурыз 4, 2026 - 18:20
 0  2
Рустам Әлі мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
@madenietaqparat

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әлі мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Министрліктің мәліметінше, Рустам Әлі 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.

2006–2011 жылдары осы басылымда тілші, редактор және бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2011–2012 жылдары «Жетісу жастары» жастар орталығының директоры болды.

2012 жылы Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры қызметін атқарған.

Ақпарат көзі: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0