«Сәкеннен ондайды күтпедім»: композитор Майғазиевке ренішін жеткізіп, ауыр сөйледі (ВИДЕО)

Қыркүйек 24, 2025 - 23:48
 0  638
«Сәкеннен ондайды күтпедім»: композитор Майғазиевке ренішін жеткізіп, ауыр сөйледі (ВИДЕО)
Фото: Instagram/saken.maigaziyev

Белгілі композитор Арысбек Бағдәулетұлы әлеуметтік желіде видео жариялап, әнші Сәкен Майғазиевтен кешірім сұрады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын Майғазиевке жазған әнінің тағдырын білу үшін бірнеше рет хабарласқан. Алайда жауап ала алмаған соң қызбаланып, ауыр сөздер айтып қойғанын мойындады.

«Сәкен ағаға бір ән бердім. Біраз уақыттан кейін не болды екен деп ватсабына он шақты рет жаздым. Оқиды да, жауап бермейді. Содан қызбаланып, ауырлау сөз айтып қойдым. Бірақ Сәкен аға сабырлық танытып, биігінен түспеді», – деді композитор.

Арысбек Бағдәулетұлы артық кеткенін түсініп, көпшілік алдында кешірім сұрады:

«Аға, егер видеомды көріп отырсаңыз, сізден кешірім сұраймын. Арыстайыңыздан сізге бір ән болады».

Ал Сәкен Майғазиев болса, ренішін білдірмей, інісінің әрекетін жылы қабылдап, смайликпен жауап қайырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Композитор ағай (@arysbekbagdauletuli)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0