«Сарыөзек — Көктал» тасжолындағы апаттан алты адам қаза тапты

Қыркүйек 1, 2026 - 23:31
chat_bubble  0 visibility  0
«Сарыөзек — Көктал» тасжолындағы апаттан  алты адам қаза тапты
Фото: Pixabay

Жетісу облысындағы «Сарыөзек — Көктал» автожолында болған жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Апат автожолдың 110-шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан ол қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

— Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық полиция.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және көлік басқару кезінде жол мен ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0